ҚХР мемлекеттік кеңесі премьерінің Қазақстанға жұмыс сапары барысында құны 10 млрд. доллар болатын 30 құжатқа қол қою көзделген
«Қытайлық-қазақстандық қатынас жақсы дамып келеді, қос ел қауіпсіздік, экономика, сауда және байланыс салаларындағы ынтымақтастықта жақсы нәтижелерге қол жеткізді», - дейді ШЫҰ зерттеу орталығының жетекшісі Шэн Шилян.
ҚХР сыртқы істер министрінің орынбасары Чэн Гопин жақын арадағы Ли Кэцян турниріне арналған арнайы брифингте «Жібек жолының экономикалық белдеуін құруда Қазақстан Қытай үшін ең маңызды серіктес» екенін атап өтті.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян ҚР-ға алғашқы ресми сапарымен келеді. Жалпы бұл оның Қазақстанға екінші рет келуі.
Астанада оны мемлекет басшысы қабылдайды. Қытайлық қонақ екі елдің үкімет басшыларының 2-ші кездесуіне және бизнес-қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен өтетін іскерлік кеңес отырысына қатысады.
Оның Астанаға келген жұмыс сапарының негізгі мақсаттарының бірі ШЫҰ мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының 13-ші отырысына (15-16 желтоқсан) қатысуы.
Қазақстаннан кейін ҚХР Мемкеңесінің Премьері Ли Кэцян Сербияға (Қытай лидерлері мен Орталық және Шығыс еуропа елдері басшыларының 3-кездесуі) және Таиландқа ( Үлкен Меконг субаймағындағы экономикалық ынтымақтастық аясында жетекшілердің 5-ші саммиті) аттанады.