ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері: $14 млрд. - менің көршілес елдерге жасаған сапарларымның ең жоғары нәтижесі
![None None](/static/img/plug.webp)
Министрі Кәрім Мәсімовпен келіссөздер өткізгеннен кейінгі брифингте ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян мәлім етті. «Қазір ғана біз әріптесім ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткіздік. Оның қорытындысында біз Қытай мен Қазақстан Үкімет басшылары арасындағы екінші тұрақты кездесудің қорытындысы бойынша коминюке қабылдадық», - деді ол.
Оның атап өтуінше, келіссөздер барысында түрлі саладағы екі елдің ынтымақтастығын тереңдетуге әрі кеңейтуге бағытталған ауқымды уағаластыққа қол жеткізді.
«Сонымен қатар, біз келіссөздердің қорытындысында Қытай мен Қазақстанның мүдделі ведомстволары мен компаниялары арасындағы бірқатар маңызды құжаттарға, келісімдерге қол қойылуының куәсі болдық. Келісімдер мен уағдаластықтардың жалпы жиынтық құны 14 млрд. долларды құрайды. Осы көрсеткіштің өзі менің көршілес елдерге жасаған сапарларымның ең жоғары нәтижесі», - деді Ли.Кэцян.