ҚХР-мен тату көршілестік қатынастарды нығайту - Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдықтардың бірі - Қ. Тоқаев

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Елшісі Лэ Юйчэнді қабылдады.
None
None

Жүздесушілер Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелері, оның ішінде парламентаралық байланыстар туралы пікір алмасты.

«ҚХР-мен тату көршілестік қатынастарды нығайту Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдықтардың бірі болып табылады», - деді Қ.Тоқаев. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин арасындағы биылғы қыркүйек айында Астанада болған келіссөздерінің барысында қол жеткен келісімдердердің стратегиялық маңызы атап өтілді.

Соңғы жаңалықтар