14:53, 05 Мамыр 2011 | GMT +5
ҚХР СІМ басшысы Ян Цзечи Алматыдағы ШЫҰ СІМК отырысына қатысады
БЕЙЖІҢ. 5 мамыр. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановтың шақыруымен Қытайдың сыртқы саясат ведомствосының басшысы

Ян Цзечи Алматы қаласында 14 мамырда өткізілетін ШЫҰ СІМК отырысына қатысады. Бұл туралы бүгін Бейжіңде кезекті баспасөз мәслихаты кезінде ҚХР СІМ ресми өкілі Цзян Юй хабарлады.
«ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлерінің бұл кездесуі Астанада өткізілмекші ШЫҰ мерейтойлық Саммитін ұйымдастырудың алғашқы сатысы болып табылады. Кеңес барысында тараптар Ұйым қызметінің тәжірибелік мәселелерін қарастырып, екіжақты және аймақтық ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасады», - деп атап өтті Цзян Юй.