ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао «Нұр Отан» партиясының XIII съезіне құттықтау жолдады
![None None](/static/img/plug.webp)
Оны бүгін съезд барысында сөз сөйлеген ҚХР Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Халықаралық бөлім меңгерушісінің орынбасары Чень Фэнсянь оқып берді.
«Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев мырза және съезд делегаттары! Қытайдың Коммунистік партиясы Орталық комитетінің атынан сіздерді «Нұр Отан» партиясының XIII съезінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Съезд жұмысына үлкен сәттілік тілеймін. «Нұр Отан» партиясы Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық дамуын ынталандырған басты күш. Партия Қазақстан халқының сеніміне ие. «Нұр Отан» партиясы Қазақстанның дамуы жолында бұдан да биік белестерді бағындырып, бұдан да үлкен істерді атқарады. Қазақстан мен Қытай арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 20 жылдың ішінде екіжақты байланыстар халықаралық жағдайға байланысты өзгерместен тұрақты әрі қарқынды дамып отырды. Екі ел тату көрші және достық қатынастарды сақтай отырып, стратегиялық әріптестікті дамытып, екіжақты тиімді ынтымақтастықты арттыруда. Сондай-ақ мемлекеттер екі елдің мүддесіне қатысты кез келген мәселеде бір-біріне қолдау көрсетіп келеді» ,-делінген ҚХР Төрағасының құттықтау хатында.