Kids go free: 179 балаға 9,9 млн субсидия берілді
АСТАНА. KAZINFORM – Осы жылдың басынан Kids go free бағдарламасы аясында 179 баланың әуе билетін субсидиялауға 9,9 млн теңге бөлінді. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінен мәлім етті.

«2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде туристік өнімге енгізілген билеттің құнын субсидиялау бойынша 2 мың балаға 920-дан астам өтінім мақұлданды. Субсидиялау көлемі шамамен 89 млн теңгені құрады. Туроператорлар шамамен 460 млн теңгеге турларды іске асырды. Отбасылық турлардың ең сұранысқа ие бағыттары – Алакөл курорттық аймағы, Алматы қаласы және Маңғыстау облысы. Осы жылдың басынан бастап 179 балаға 9,9 млн теңге субсидия төленді», - деп атап өтті министрліктен агенттіктің ресми сауалына орай.