Kids Go Free жобасы: Биыл 1 мыңнан астам бала ұшақпен тегін саяхаттаған

None
Фото: media.cntraveler.com
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ағымдағы жылы «Kids Go Free» жобасы бойынша 1 мыңнан астам бала ұшақпен тегін саяхаттады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Kids Go Free» жобасы биыл тұңғыш рет өткізіліп отыр. Болашақта бұл сұранысқа ие болады деген ойдамыз. Туристік өнімге енгізілген билеттің құнын субсидиялау шеңберінде республика аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуемен тасымалдау кезінде бүгінгі таңда 1 мыңнан астам бала қамтылды. Бұл болашақта өз жалғасын табады», - деді Нұрғиса Дәуешов.

Еске салайық, биыл елімізде «Kids Go Free» жобасы пилоттық режимде іске қосылды. Аталған бағдарлама 2-17 жастағы балалар мен жасөспірімдерге ел ішінде саяхат жасағанда тегін ұшуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, аталған отбасылық туризмге арналған бағдарлама аясында осы жылы Ақтау ең сұранысқа ие қала болғанын жазып едік.

Фото: media.cntraveler.com



Соңғы жаңалықтар