Киелі Түркістанда екі бірдей жезөкшелер ордасы анықталды

Прокурор фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында киелі шаһардың атына кір келтіріп тұрған орындарды анықтауға жергілікті ақсақалдардың өтініші себеп болғанын айтқан.
«Қасиетті Ораза айында ауызашарда қаламызға белгілі Ж.Әзіретбергенов ақсақал, өз сөзінде жезөкшелікті тыйсаңдар болар еді деп пікір айтқаны бар. Жалпы, киелі Түркістан руxани астанамыз екені баршаға белгілі, жекелеген салада руxани байлығымызға тән келмейтін жағдайлар қоғамда орын алып жатады. Соның бірі жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар. 05.08.2017 ж. Түркістан ҚІІБ-мен осындай притон анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды» делінген парақшасында.
Қазіргі таңда қыздарды тәнін саудалауға жағдай жасап, табыс тапқан күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 309 бабы 1 бөлігі «Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлықпен» іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Прокурордың айтуынша, бұл баппен кінәлі тұлғаның мүлкі тәркілеп, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Руслан Әбдірайымов сондай-ақ бұған дейін де тағы бір жезөкшелер ордасы табылғанын атап өтті.