Киев қаласында шағын футболдан мүгедек спортшылар арасында өтетін халықаралық біріншілікке қатысады

None
None
ОРАЛ. 1 шілде. ҚазАқпарат - Қант диабетімен сырқаттанатын батысқазақстандық мүгедек спортшылар Киев қаласында шағын футболдан өтетін «Диевро-2012» халықаралық біріншілігіне қатысады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша әлемде жыл сайын 8 млн. астам адам қант диабетімен ауырады. «Диабет» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Тамара Истоминаның айтуынша, бұл ретте салауатты өмір салтын орнықтырудың маңызы зор. Батысқазақстандық команданы дәрігер мен жаттықтырушы алып жүрмек.

Түрлі елдердегі диабет қоғамдары бір-бірімен тығыз байланыс жасауға ділгер. Осы орайда Украина диабетикалық қауымдастығы да қазақстандықтарды қолдап отырады.

Еуропа чемпионатынан кейін өтетін аталмыш жарысқа украиндықтар мен қазақстандықтардан басқа Беларусь, Италия, Польша, Хорватия, Словакия және Өзбекстан елдерінен барлығы тоғыз команда қатысады.

Батысқазақстандық команда 1 шілде күні аттанады.

Соңғы жаңалықтар