Киев көшелерінде Қазақстан туралы бейнеролик көрсетілуде

КИЕВ. ҚазАқпарат – Украина астанасының орталық көшелерінде Қазақстан туралы бейнеролик көрсетілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Киев көшелерінде Қазақстан туралы бейнеролик көрсетілуде

ҚР Украинадағы Елшілігі мәлім еткеніндей, Қазақстан Тәуелсіздігі күні құрметіне украиналық әріптестердің қолдауымен Киевтің орталық көшелерінде орнатылған 57 LED-экранда бейнероликтер берілуде.


Кадрлардан Қазақстан астанасының бүкіл әлемге белгілі мақтаныштары – «Бәйтерек» пен «Ақорда», ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Бейбітшілік пен келісім сарайы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инаугурациясы, ҚР Мемлекеттік туының көтерілуіне арналған салтанатты іс-шараны көруге болады.