Киевке Еуропа елдерінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілері келді

АСТАНА. KAZINFORM — Киев қаласына Еуропа елдерінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшілері келді. Бұл туралы Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің (ҰҚҚК) хатшысы Рустем Умеров хабарлады.

Украина, Киев, ЕО Еуроодақ
Фото: Анадолу

«Киевке еуропалық елдердің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілері келді. Кездесулерге Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия, Испания, Латвия, Эстония, Литва, Польша, Финляндия, Канада, Нидерланд, Швеция, Норвегия және Дания өкілдері, сондай-ақ НАТО, Еуропалық кеңес пен Еуропалық комиссияның өкілдері қатысып жатыр», деп жазды Умеров Telegram-арнасында.

Ол алда мазмұнды жұмыс күні күтіп тұрғанын, яғни қауіпсіздік, экономикалық мәселелер, негіздемелік құжаттармен жұмыс және серіктестермен алдағы қадамдарды үйлестіру іс-шаралары талқыланатыын атап өтті.

Бұған дейін, 30 желтоқсанда, Украина президенті Владимир Зеленский «қалаулылар коалициясына» кіретін елдердің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілерінің 3 қаңтарда өтетін кездесуі өтетінін құлағдар еткен еді.

Оның айтуынша, 6 қаңтарда Францияда көшбасшылар деңгейіндегі кездесу жоспарланған, ал 7 қаңтарда көшбасшылар арасындағы келіссөздерден кейін ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілер деңгейінде тағы бір кездесу өтеді деп күтіліп отыр.

Айта кетейік, президенттер кездесуінің қорытындылары белгілі болғаннан кейін Трамптың Украинаға келуі мүмкін екені айтылды.

Соңғы жаңалықтар