Киевте екі ел Президенттері 2010-2011 жылдарға арналған Қазақстан-Украина іс-қимыл жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттамаға қол қойды

СТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Украинаға ресми сапары басталды, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
None
None

Президент Әкімшілігінде кездесудің ресми рәсімі өтті, одан кейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Виктор Янукович шағын және кең құрамда келіссөздер жүргізді. Мемлекет басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екі жақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша Президенттер 2010-2011 жылдарға арналған Қазақстан-Украина іс-қимыл Жоспарына («Жол картасы-3») өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттамаға қол қойды. Сондай-ақ үкіметаралық деңгейде Қазақстандағы Украинаның және Украинадағы Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері ғимаратының құрылысы үшін жер телімдерін беру туралы, Қазақстан Республикасы Омбудсмені және Украина Омбудсмені арасындағы ынтымақтастық туралы, білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы, сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» «Ұлттық компаниясы» АҚ мен Украина теміржол көлігі мемлекеттік әкімшілігі арасындағы теміржол көлігімен жүк тасымалдауға қолайлы тарифтік жағдай жасау туралы келісімдерге қол қойылды.

Келіссөздер аяқталғаннан кейін Мемлекет басшылары бірлескен баспасөз конференциясын өткізді.

Бүгін сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың Украина Премьер-Министрі Николай Азаровпен кездесуі өтіп, оның барысында экономикалық ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері талқыланды.

Соңғы жаңалықтар