Киевте прокурорлардың халықаралық қауымдастығы ведомствоның қызметін жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылауда

АСТАНА.  Қыркүйектің 7-сі.  ҚазАқпарат - Бүгін Киевте     Прокурорлардың  халықаралық қауымдастығының    14-ші      жыл  сайынғы    конференциясы  мен жалпы  жиналысы  өз жұмысын  бастады.   Осы шараға Қазақстан Республикасының Бас прокуроры  Қайрат Мәми  де қатысуда, 
None
None

деп хабарлады ҚР Бас  прокуратурасының баспасөз  қызметінен.

Конференцияның күн тәртібіне прокурорлық     қызметті  жетілдірудің  өзекті  мәселелерін талқылау  мәселесі  арқау  болып  отыр.    Прокурорлардың  халықаралық қауымдастығына мүше елдер өкілдерінің  баяндамаларында кәсіби мәселелер,  атап айтқанда  оқудың  инновациялық   әдістері,    прокуратура   органдарының  жүйесін жетілдіру,  халықаралық ынтымақтастықтың рөлі   және т.б.  көптеген мәселелер    сөз болды. 

Сапар барысында   Бас прокурор   Қайрат  Мәми сондай-ақ,   Украинаның Бас  прокуроры А.Медведькомен,   Прокурорлардың  халықаралық қауымдастығының президенті Ф.Фаллеттимен, Қауымдастықтың   Бас хатшысы    Х.Шольтцпен  және  Заңгерлердің  халықаралық  одағының  төраға   орынбасары  В.Евдокимовпен  екіжақты кездесулер өткізді,   олардың барысында   өзара  іс-қимыл мәселелері мен   алдағы ынтымақтастықтың жайы талқыланды.

Соңғы жаңалықтар