Киевте Жамбыл Жабаевтың ескерткіші ашылады

АЛМАТЫ. 1 қараша. ҚазАқпарат - Киевте Жамбыл Жабаевтың ескерткіші ашылмақ. Бұл туралы мүсінші Мирлан Әзмағанбетов пен сәулетші Қазыбек Жарылқапов бүгін Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш ауылындағы Сұраншы мен Саурық батырларға қойылған ескерткіштің ашылу рәсімі кезінде айтты.
None
None
«Ата-бабаламыздың ұстаған қару-жарақтары мен киімдерін бейнелеуде музей экспонаттары мен тарихтағы қолжазбалар мен жыр-дастандарының көп көмегі тиді. Біз батырлардың бейнесін жинақталған образ ретінде алдық. Бұған дейін Алматыда Нұрғиса Тілендиевтің, Талдықорғанда Сүйінбай Аронұлының ескерткішін жасаған едік», - дейді Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, «Тайқазан» ЖШС-нің директоры, мүсінші Мирлан Әзмағанбетов. Оның айтуынша, бұл ескерткіштің биіктігі - 11 метр. Оның 4,5 метрлік тұғыры граниттен, ал ондағы батырлардың композициясы қоладан жасалған. «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында жүзеге асқан бұл ескерткіштің жобасын мемлекеттік комиссия оннан астам жобаның арасынан іріктеп алған көрінеді. ҚР Құрметті сәулетшісі, ҚР Мәдениет қайраткері Қазыбек Жарылғапов екеуі бірлесіп жасаған Жамбыл Жабаевтың ескерткіші алдағы уақытта енді Киевте тұрғызылмақ.
Соңғы жаңалықтар