Киіктер қазақ даласының әр қиырына таратылады
Бұл құралай салқыны кезінде киіктің осы түрін сақтау және киіктерге қолайлы жағдай туғызу мақсатындағы жалғыз шара емес. Атап айтқанда, өңірлік табиғатты қорғау прокуратурасы екі жыл бұрын киіктер қырылған орындарда топыраққа, су, ауа және өсімдіктерге органикалық ластауыштар мен ауыр металдардың болуына кешенді зерттеулер жүргізеді.
Бұдан басқа, табиғатты қорғау органдары киіктердің үй жануарларымен байланысын шектеуге тырысып, «Алтын Дала» резерватында стационарлық және мобильді бақылау-өткізу пункттерінің санын арттыру бойынша бірқатар шаралар өткізеді. Киіктерді броконьерлерден қорғау үшін қосымша күштер мен техника тартылады.
Қазіргі кезде Қостанай облысының аумағында киіктердің саны 1974 басты құрайды, олардың қоныс аударуы жалғасуда. 2015 жылғы мамырда Бетпақдала популяциясында киіктер жаппай қырылған сәттен бастап олардың саны едәуір азайды.
Еске салсақ, 2015 жылы үш өңірде 134 мың киік қырылды. 2013 жылы Қостанай, Ақтөбе, Ақмола облыстарында пастереллезден - 1,5 мың, 2012 жылы - 1 мың, 2010 жылы 12 мыңға жуық киік қырылды.