Киік етін неше комбинат сатып отыр

АСТАНА. KAZINFORM — Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Марат Ибраев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында киік етін сату қалай ұйымдастырылғанын айтты.

ет комбинаты
Фото: Әділет Беремкулов/Kazinform

— Киік етін өңдеу туралы айтсақ, Батыс Қазақстан облысында және басқа қалаларда өнімді сатуға шығармай тұрып зертханада зерттеп, сертификаттайтын, зауыт қамтамасына орап шығаратын нүктелер бар, — деді ол.

Комитет төрағасының орынбасары киік еті консерв ретінде сатылымда бар-жоғын білмейтін болып шықты.

— Киік етінің бағасына келсек, оны біз қадағаламаймыз. Ең бастысы, ет зертханада толықтай тексеруден өту керек. Тек осыдан кейін ғана тамаққа тұтынуға болады. Ал консервіленген киік еті саудаға шығарылған-шығарылмағанын жазбаша жауапта айтайық. Өйткен бұл мәселе біздің комитеттің құзырына кірмеуші еді, — деді комитет өкілі.

Еске салсақ, былтыр күзде Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Аманғали Бердалин қазақстандықтарды киік етін қорықпай алуға үндеген еді

Соңғы жаңалықтар
Референдум