Киік етін өңдеу: БҚО әкімі қытайлық инвесторға жер берілмейтінін айтты

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында киік етін және өзге де бөліктерін өңдеуге қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды Кazinform.

нариман төреғалиев
Фото: БҚО әкімдігі

Тілшілер: «Мұндай өндіріске қытайлық инвесторды тарту үшін жер беріле ме?», – деп сұрады.

Аймақ басшысы көрші елден инвестор келіп, зауыт салу ұсынысын білдіргенін айтты. Алайда жер беру туралы шешім болмағанын жеткізді.

Бұл тұста қытайлық компанияның ұсынысы елді елең еткізді. Әлеуметтік желілерде әкімнің жауабы толық берілмей, бұрмаланған ақпарат тарады. Нариман Төреғалиев осы аптада Жаңақала ауданының жұртшылығымен кездесуде бұл мәселеге қатысты сауалға нақты жауап берді.

«Қытайлықтарға болсын, кез келген шетелдіктерге болсын, заң бойынша жер жалға да берілмейді, сатылмайды да», – деді Нариман Төреғалиев.

Соңғы жаңалықтар