Кикбокстан қазақ-қытай спортшылары кім мықтыны анықтайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Хоргос қаласында кикбокстың К-1 түрі бойынша Қазақстан-Қытай арасындағы жолдастық кездесу өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Екі ел спортшылары арасында өтетін сайыс 8 сәуірге жоспарланған.

Бұл сында Қазақстан намысын Астана қаласының  «Tobet top team» спорт клубы қорғайтын болады. Сайыста алты жұп өзара кім мықтыны анықтайды. Жекпе-жектерді Қытайлық жергілікті арналарының бірі көрсетеді.

Қазақ елі атынан 60 келіде Ерқанат Оспанов, 63 келіде Иван Добрынин мен Аслан Ораз сынға түссе, 65 келі салмақта Алихан Оздоев, 70 келіде Рүстем Ақжанов және 80 келіде Сұлтан Қиялов ел намысын қорғайды.

Негізгі жекпе-жек Рүстем Ақжанов мен Қытай спортшысы арасында болмақ.

Соңғы жаңалықтар