Қылышпен семсерлесуден Мадридтегі әлем кубогының кезеңіне қатысатын спортшылар белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM – Қылышпен айқасудан Мадридте (Испания) өтетін әлем кубогының кезеңіне қатысатын Қазақстанның ерлер құрамасы анықталды.

Қылышпен семсерлесуден Мадридтегі Әлем кубогының кезеңіне қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, ауқымды халықаралық турнирде ел намысын төрт спортшы қорғайды.

Жүлде үшін Артём Саркисян, Саттархан Назарбай, Бақдәулет Құралбекұлы және Жанат Нәбиев бақ сынайды.

Әлем кубогының кезеңі 23 мамырда басталады.

Айта кетейік, қылышпен семсерлесу спортынан Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Руслан Курбанов Колумбия астанасы Богота қаласында өткен Гран-при турнирінде екінші орын алды.

Соңғы жаңалықтар