Ким Чен Ын мінген пойыз Бейжіңге келді деп шамаланып отыр

АСТАНА. KAZINFORM – Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын мінген болуы мүмкін пойыз сейсенбі күні Бейжің теміржол вокзалына келді, деп хабарлайды Yonhap

Ким Чен Ын мінген пойыз Бейжіңге келді деп шамаланып отыр
Фото: Yonhap

Бұл Ким Чен Ынның 2011 жылдың соңында билікке келгеннен бері Қытайға жасаған бесінші сапары.

Агенттіктің мәліметінше, пойыздың Бейжің вокзалына жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00 шамасында, Пхеньяннан шыққаннан кейін бір тәулікке жуық уақытта келгені расталды.

Еске сала кетсек, Солтүстік Корея Президенті Ким Чен Ын жеке пойызымен Бейжіңге аттанған. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 80 жылдығын мерекелеуге қатысады.

3 қыркүйекте Бейжіңде ауқымды шеру өтеді, онда Қытай жаңа қару түрлерін көрсетеді.

Бұған дейін әскери шеруге 20-дан астам шетелдік көшбасшы қатысатыны хабарланған болатын

Қонақтар арасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь, Әзербайжан, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Индонезия, Ресей басшылары, Армения, Малайзия, Пәкістан, Словакия және басқа да елдердің премьер-министрлері бар. 

Соңғы жаңалықтар