Кино әлемі: осы аптадағы басты премьералар қандай
Осы аптада кинотеатрлар репертуары көрермен талғамына сай жаңарды. Көңіл көтеретін комедиялармен қатар, шытырман оқиғаға толы мультфильмдер прокатқа шықты. Сондай-ақ отандық детектив жанрындағы жаңа туынды да көпшілік назарына ұсынылды. Жанрлар тоғысқан апта кинопремьералары туралы Kazinform тілшісінің шолуынан біле аласыздар.
Алаяқтар (Мошенники) 9.2⭐
Жанры: Детектив, драма
Ұзақтығы: 110 минут
Ел: Қазақстан, 2026
Режиссер: Олжас Нұрбай
Дамир — өмір бойы алаяқтықпен айналысқан айлакер. Оның ең ауқымды жоспары — өз банкін ашып, миллиардтаған қаржыны жымқыру. Бірақ қылмыстық орта өкілі Ерлан оны қолға түсіреді. Дамир өз өмірі үшін қауіптеніп, бұрын жасаған барлық алаяқтық әрекеттерін әшкереледі.
Неаполь – Нью-Йорк 6.7⭐
Жанры: Драма
Ұзақтығы: 124 минут
Ел: Италия, 2024
Режиссер: Габриэле Сальваторес
Кармине мен Селестина - соғыстан кейін Италиядағы кедейліктен құтылуға тырысады. Осылайша екі бала Неапольден Нью-Йоркке бет алған кемеге жасырын түрде мініп алады. Бұл жолда олар екі жыл бұрын Америкаға қоныс аударған Селестинаның әпкесін табуды армандайды.
Италиядағы бойдақ (Холостяк в Италии) 5.8⭐
Жанры: Комедия, мелодрама
Ұзақтығы: 100 минут
Режиссер: Чарльз Френсис Киннэн, Дэниэл Киннэн
Мэттің қалыңдығы Италияда үйлену тойын өткізуді армандады. Мэт оған қарсы келмеді. Ол қалыңдығының үлкен отбасының жол шығындарын толық төледі. Сән-салтанатты той рәсімін де өзі ұйымдастырды. Бал айының барлық шығынын да өз мойнына алды. Бірақ неке қию сәтінде қалыңдығы оған тұрмысқа шығудан бас тартады. Не істерін білмеген Мэт жоспарланған сапарға жалғыз өзі аттанды.
Жынның ашылуы (Вскрытие демона) 8.0⭐
Жанры: Ужас
Ұзақтығы: 91 минут
Ел: АҚШ, 2026
Режиссер: Джереми Кипп
Ребекка Оуэнс медицина университетін бітірген. Ол Ривер Филдс қаласындағы мәйітханада патологоанатомның ассистенті болып жұмысқа орналасады. Оның жұмысы түнгі ауысымнан басталады. Алғашқы түннің өзінде ол мәйітханадағы тылсым құбылысты байқайды. Белгісіз күш оның жанына ие болуға тырысады. Ребекка тірі қалу жолын іздейді. Ол тәлімгерінің құпияларын ашады. Өз қорқынышын жеңу үшін тозақпен тең сынақтардан өтеді.
Гремлиндердің оралуы (Возвращение гремлинов) 5.5⭐
Жанры: Фантастика, ужас, комедия
Ұзақтығы: 96 минут
Ел: Финляндия, 2026
Режиссер: Марко Мякилааксо
Америкалық Зак достарымен бірге Финляндиядағы тау шаңғысы курортында туған күнін атап өтеді. Алайда көп ұзамай «Құбыжықтар фестивалі» өтіп жатқан бұл курортты кішкентай зұлым жаратылыстар басып алады.
Махаббатымның бозторғайы (Королёк моей любви) 5.5⭐
Жанры: Комедия, мюзикл
Ұзақтығы: 111 минут
Ел: Ресей, 2026
Режиссер: Марюс Вайсберг
Адал әрі елдің сүйікті полицейі Рамаштың арқасында Хурмада қаласында тыныштық пен тәртіп орнаған. Кезекті жұмыс күнінде ол айлакер әрі ашкөз қылмыскер Шамарға қарсы күреске шығады. Асырап алған ата-анасының тәрбиесінде өскен Шамар қалада бірқатар қылмыс ұйымдастырады. Ал полицей Рамаш Хурмада қаласын қорғауға кіріседі. Текетірес кезінде Рамаш пен Шамардың бала кезінде бір-бірінен айырылып қалған ағайынды екені анықталады. Тергеу олардың ата-анасының өмірін қиған алапат өрттің артында кім тұрғаның ашады. Ол — Хурмаданың басты меценаты әрі қамқоршысы Сандурлай. Енді олар бетпе-бет келіп, күресуге мәжбүр болады.
Ғарыштан келген вампир-зомбилер! (Вампиры-зомби из космоса!) 10.0⭐
Жанры: Фантастика, ужас, комедия
Ұзақтығы: 98 минут
Ел: Канада, 2024
Режиссер: Майкл Стасько
1957 жыл. Бір топ жергілікті тұрғындар Дракуланың Марлоу атты кішкентай қаланың халқын вампир-зомби армиясына айналдыру жоспарын бұзуға тырысады.
Орман балалары 2 (Дети леса 2) 4.5⭐
Жанры: Отбасылық фэнтези
Ұзақтығы: 102 минут
Ел: Германия, 2026
Режиссер: Свен Унтервальдт мл.
Қасқыр адам Қараг пен достары Брэндон, Холли және Лу үшін жаңа оқу жылы басталады. Қараг мектепті Миллинг атты зұлымның қаһарынан қорғауы керек болады. Ал Миллинг оған отбасын табуға көмектесетінін уәде етеді. Балалықпен Қараг келіседі, бірақ мектеп үлкен қауіп-қатерге ұшырайды. Бұл тұста Қарагқа тек қарлы қасқыр қыз Тикаани көмектесе алады. Енді басты сұрақ: олар бір-біріне шынайы сенім арта ала ма?
Супер Марио: Ғарыштық кино (Супер Марио: Галактическое кино) 8.7⭐
Жанры: Шытырман, комедия, мультфильм, фэнтези
Ұзақтығы: 95 минут
Ел: Жапония, АҚШ, 2026
Режиссер: Аарон Хорват, Михаэль Еленик
Боузерді жеңіп, Бруклинді құтқарғаннан кейін Марио жаңа қатерге тап болады. Ол зұлым Варио мен кішкентай Боузердің одақтасуына қарсы тұруы керек. Достарымен бірге Марио алыстағы галактикалық әлемдерге ғарыштық сапарға шығады. Олар жаңа сынақтарды еңсереді және әлемге билік орнату жоспарына кедергі жасайды.
Өткен аптадағы кинопремьералар тізімін осы жерден көре аласыздар.