Кино апталығы: отандық комедия және әлемдік премьералар
АСТАНА. KAZINFORM — Осы аптада кинотеатрлар репертуары шетелдік хоррорлар мен шытырман оқиғалы драмалармен толықты. Халықаралық деңгейде танылған актерлер мен режиссерлердің фильмдері көрермен назарына ұсынылды. Сонымен қатар отандық жаңа туынды да прокатқа шықты.
Kazinform тілшісі аптадағы кино жаңалықтарына шолу жасайды.
Махаббат жасқа қарамайды
Жанры: комедия
Ұзақтығы: 100 минут
Ел: Қазақстан, 2026
Режиссер: Бахытжан Урахаев
35 жастағы Ерке үшін бизнестің орны бөлек. Оның кофеханалар желісінде салық заңнамасын бұзу деректері анықталады. Кәсібін сақтап қалуға тырысқан ол өзінен он жас кіші салық инспекторымен жақындасуға бел буады. Бастапқыда бәрі есеппен жасалған қадам болғанымен, уақыт өте келе екеуінің арасында шынайы сезім пайда болады. Енді Ерке қиын таңдау алдында тұр: сүйікті кәсібін сақтап қала ма, әлде махаббатқа жол бере ме?
Шыбықтан өрілген күйеу, (Плетёный муж)
Жанры: драма, тарихи фильм, комедия, мелодрама, фэнтези, фантастика
Ұзақтығы: 105 минут
Ел: Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, 2026
Режиссер: Алекс Хьюстон Фишер, Элинор Уилсон
Теңіз жағасындағы шағын ауылда жалғыз балықшы әйел тұрады. Көршілері оны үнемі келеке етеді. Жалғыздықтан жалыққан әйел бір күні себет тоқитын шеберге тал шыбығынан өзіне күйеу жасап беруін сұрайды. Уақыт өте келе ол қолдан жасалған күйеуіне бауыр басып кетеді. Бұл жағдай ауыл тұрғындарының қызғанышын оятып, ел ішіндегі тыныштықты бұзады.
Дюна
Жанры: экшн, шытырман оқиғалы фильм, драма, фантастика
Ұзақтығы: 155 минут
Ел: Канада, АҚШ, Мажарстан, 2026
Режиссер: Дени Вильнёв
Ауқымды фантастикалық дастан қайтадан үлкен экранға жол тартты! Атрейдес әулетінің мұрагері Пол ғаламдағы ең құнды ресурс – меланж өндірілетін Арракис шөлді ғаламшарына аттанады. Алайда билік үшін күрес кезінде оның отбасы үлкен қауіпке ұшырайды. Пол жауларынан жасырынуға мәжбүр болады. Алда оны талай сынақ, тіршілік үшін күрес және тағдырындағы ұлы миссия күтіп тұр.
Джиннің хикаясы, (История Джин)
Жанры: драма, тарих
Ұзақтығы: 120 минут
Ел: Ұлыбритания, АҚШ, Германия, 2026
Олег Борецкийтің киноп клубы «Шынайы қаһарман әйелдер» тақырыбын жалғастырады. Олар әрдайым әлемді жақсы жаққа өзгертуге үлес қосты. Өнерде өлмес туындылар жасады, ғылымда жаңалықтар ашты, игі істерімен танылды. Олар атақ пен даңққа ұмтылмады. Көпшілігінің есімі тарихта белгісіз күйінде қалды.
Навар
Жанры: драма, криминал
Ұзақтығы: 85 минут
Ел: Ресей, 2026
Режиссер: Артур Григорьев
Шуст пен оның достары ұсақ алаяқтықпен айналысып, әр жерден пайда табуды көздейді. Бір күні ол ядро лақтырудан КСРО-ның бұрынғы чемпионы Ульяновпен танысады. Бұл кездесу Шусттың өмірге деген көзқарасын өзгертеді. Алайда достарының қысымына шыдамаған ол Ульяновты пайдаланып, нефрит сатумен айналысатын бурят қауымдастығын тонауды жоспарлайды.
Психопат әйел, (Психопатка)
Жанры: комедия, хоррор
Ұзақтығы: 102 минут
Ел: АҚШ, Ұлыбритания, 2026
Уинифред Нотти өзін әлемдегі ең ақыл-есі дұрыс адам санайды. Ол өмірін жаңадан бастауды ұйғарып, оңаша орналасқан ескі готикалық усадьбаға күтуші болып жұмысқа орналасады. Оның міндеті – ерке екі балаға қарау. Алайда көп ұзамай үй қызметшілері бірінен соң бірі жұмбақ жағдайда жоғала бастайды. Үй иелері де күдіктене түседі. Сөйтсе, оғаш мінезді Уинифред – сериялық кісі өлтіруші. Ол осы отбасының бір мүшесі болу үшін ештеңеден тайынбайды
Бет-бейнесіздер. Джунглидегі түнек, (Безликие. Кошмар джунглей)
Жанры: ужасы
Ұзақтығы: 90 минут
Ел: Камбоджа, 2026
Режиссер: Джереми Кипп
YouTube влогерлері елге танымал болуды көздеп, Камбоджаның ну орманына елес іздеуге аттанады. Олар бұл сапарды елес аулау туралы вирустық сериалға түсірмек болады. Алайда іздеген рухтарының шынымен бар екенін біледі. Олар осы жерді жайлаған қорқынышты қарғыстың құрбанына айналады. Енді влогерлер мәңгілік қайталанатын тылсым тұзақтан құтылудың амалын іздейді.
Сальмокджи қарғысы, (Проклятье Сальмокджи)
Жанры: ужасы
Ұзақтығы: 95 минут
Ел: Оңтүстік Корея, 2026
Режиссер: Ли Сан-мин
Түсірілім тобы онлайн картаға жолдың жаңа суреттерін түсіру үшін Сальмокчи су қоймасына барады. Алайда сол жерде күтпеген қорқынышты жағдайға тап болады.
Пингвиннің қызықты сапары, (Приключения пингвиненка)
Жанры: шытырман оқиғалы комедия, отбасылық фильм
Ұзақтығы: 72 минут
Ел: Ресей, 2026
Режиссер: Ольга Амоль
Мәскеу хайуанаттар бағындағы Кви есімді кішкентай пингвинді басқа қалаға ауыстырмақ болады. Алайда жолда көлік апаты болып, ол үлкен қалада жалғыз қалады. Осылайша, кішкентай пингвиннің үйіне оралу жолындағы қызықты оқиғалары басталады.
Скрудж
Жанры: драма, комедия, фэнтези
Ұзақтығы: 111 минут
Ел: Ұлыбритания, АҚШ, 2026
Режиссер: Тай Уэст
Оқиға Диккенс дәуіріндегі Лондонда өрбиді. Бұл – елестер мен тылсым оқиғаларға толы хикая. Басты кейіпкер өткенін, бүгінін және болашағын танытатын ерекше сапарға аттанады. Осы жолда ол өз қателіктерін түсініп, өмірін өзгертуге тағы бір мүмкіндік алады.
Инфлюенсер
Жанры: хоррор
Ұзақтығы: 95 минут
Ел: Ұлыбритания, АҚШ, Дания, 2026
Режиссер: Майк Нибро
Танымал америкалық блогерді деректі фильм түсіру үшін Еуропаға шақырады. Алғашында оны сәнді қонақүйлер, танымал брендтермен жұмыс және үздік мейрамханаларға сапар күтіп тұрады. Бірақ белгісіз біреу оған әлеуметтік желідегі эфирлерін тоқтатуды талап етіп, қоқан-лоқы жасай бастайды. Біреудің әр қадамын бақылап жүргенін түсінген блогер өзі тергеу жүргізуге кіріседі. Алайда бұл шешімі оны одан әрі қауіпті жағдайға душар етуі мүмкін.
Өткен аптадағы кинопремьералар тізімін осы жерден көре аласыздар.