17:02, 23 Тамыз 2017 | GMT +5
                                        Кино тарихындағы ең үздік комедиялар анықталды
                                            АСТАНА. ҚазАқпарат - Кино тарихының барлық кезеңдеріндегі ең үздік  100 комедия анықталды, деп хабарлайды 52 елдің 253 сыншысы сауалнамасының нәтижесіне сілтеме жасаған «Би-би-си».
                                        
                                        
                                    
                                              Олардың ішінде бірінші орында Мэрилин Монро, Тони Кертис және Джек Леммонмен «В джазе только девушки» фильмі (1959).
Екінші орында - Стэнли Кубриктің «Доктор Стрейнджлав, или Как я научился не волноваться и полюбил атомную бомбу» (1964).
Одан кейін Вуди Алленің «Энни Холл» (1977) мен Билл Мюрренің «День сурка» (1993) туындысы.