Кинопремьералар: еліміздің кинотеатрларында не көруге болады

Апта сайын кинокөрермен жаңа премьераны асыға күтеді. Таяу күндері қандай фильмдер ұсынылатынын Kazinform агенттілігінің тілшісі анықтап білді. 

Кинопремьерлар: еліміздің кинотеатрларында не көруге болады
Фото: Kazinfform; Kino.kz

«STRANGER»

Әнші Димаш Құдайбергеннің Астанада өткен концертін қазақстандықтар енді кинотеатрдан тамашалай алады. Сол кездегі концертке 40 мың көрермен жиналды. Оның 10 мыңнан астамы әлемнің әр түкпірінен келген жанкүйер. Көрермен ұмытылмас күндегі бірегей шоуға негізделген музыкалық фильмді үлкен экраннан тамашалауға мүмкіндік алды.

«Остров. Ұмытылмас саяхат»

Қазақстандық комедия Жомарт пен оның серіктесі жайлы. Оқиға Таиландта өрбиді. Оның міндеті аса ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқырған құрылыс компаниясының бұрынғы директорын жазаға тарту. Бұрынғы басшыны табу оңайға соққан жоқ. Басты кейіпкерді көп кедергі күтіп тұр. Улы жәндіктен бастап жергілікті басбұзарларға да кезігеді.

«Каратэ-бала: Аңыздар»

Джеки Чан түскен спорттық кино кунг-фу жарысында жеңіске жеткен америкалық бала мен оған көмектескен қарт шебер жайлы.

«Финикий сызбасы»

Бенисио Дель Тороның басынан кешкен оқиғаларын көруге болады. Мұнда әкесі мен қызының отбасылық бизнестегі құпиясы, тыңшылық туралы баяндалады. Сюжеті құпияға толы әрі тосын жайт арбап алады.

«Желден жүйрік»

Еуропалық спорттық драмада көлікпен жарысатын Макс туралы баяндалады. Ол бірде спорттан кетіп, өзге жұмысты таңдайды. Алайда тағдыр ол қызды академияға түсуге көмектесетін, әлемнің үздік спортшыларын дайындайтын көлік жүргізушісіне кезіктіреді. Макс мектепте Уиллмен танысып, әп сәтте екеуінің арасында сезім оты тұтанады. «Формула 1» чемпионы атағына тым жақын қалғанда Уилл күтпеген бәсекелесі атанады. Макстың шешімі қалай болады? Ол махаббатты әлде жеңісті таңдауы тиіс.

«Денистің әңгімелері»

Жез келді, Денис Кораблев үшін түрлі хикаяға толы шақ басталды. Әжесі бастаған топ үш ай демалысты саяжайда, таза ауада өткізуге шешім қабылдайды. Сол кезде Денис жаңа достар табады, алғаш рет ғашық болады. Сол сәтте махаббат хикаясы басталады.

«Жазалау ойыны»

Бұл Роберт Де Ниро туралы американдық кино. Бокуши қамал салып, оның ішін қару-жараққа толтырады. Үкімет болса сол ұйымға кіріп, оның жоспарын білмекке түрлі амал ойлайды. Бірнеше рет оқталғанымен, нәтиже болмады. Сол кезде бұрынғы арнайы жасақ Нэш Каваноға ұсыныс береді. Ол Бокушидің шәкірті. Нэш Кавано бір кездері сүйіктісін тартып алған адамнан кек алар шақтың келгенін көріп, келіседі. 

Соңғы жаңалықтар