Кинотеатрлар ашылып, жекелеген сыныптар мектептен оқиды - БҚО-да жаңа Қаулы

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылғы 21 қарашадағы №34-ПГВр қаулысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жаңа қаулы 11 қаңтардан бастап күшіне енеді.

2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап:

- оқушылар саны 300-ге дейінгі қалалық және ауылдық мектептер сыныптағы бала санын 15-тен асырмай дәстүрлі форматта оқиды;

- жалпы білім беретін мектептерде 1-5 сынып аралығында, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін ата-аналардың өтіні бойынша кезекші топтар құрылады. Сыныптағы бала саны 15-тен аспауы керек.

- оқу бітіретін сыныптар (9, 11, 12) аптаның 6 күнінде аралас форматта білім алады: пәндердің 70 пайызы штаттық режимде, 30 пайызы қашықтан оқытылады. Бұл ретте, сыныпта 15 адамнан артық болмауы қажет. Әлеуметтік қашықтықты ұстану, 1 сынып – 1 кабинет қағидаты бойынша оқыту, бір уақытта мектепте жобалық қуаттың 30 пайызынан аспайтын адамның болуы, санитариялық-дезинфекциялық режимді, бетперде режимі қатаң сақталуы тиіс.

Сонымен қатар. білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға, сондай-ақ екінші семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін штаттық оқытуға рұқсат беріледі.

Бұдан бөлек, жаңа Қаулыға сәйкес кинотеатрлардың жұмысына рұқсат етілді. Тек ондағы адамдардың толуы 20 пайыздан аспауы тиіс.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда модульдік инфекциялық аурухананың пайдалануға берілгенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар