14:02, 02 Сәуір 2024 | GMT +5
Кипрде ауа температурасы 30°C-тан асты
АСТАНА. KAZINFORM – Наурыз айында Кипрдегі температура 30°C-қа дейін көтерілді, сондықтан осы дүйсенбіде көптеген кипрліктер жағажайларға шықты. 1 сәуір – Кипрде мерекелік күн, бұл күні ел ағылшын отаршылдарына қарсы ұлт-азаттық күрестің басталған күнін атап өтеді, деп жазады Еuronews.

Осы демалыс күндері Айя-Напа мен Протарас шипажайлары теңіз, күн мен құмнан рахаттанған адамдарға толы болды.
Желдің арқасында Кипр көктемі жаз маусымындай болып тұр. Бұл аймаққа Сахарадан келетін шаңнан қорғайтын жоғары қысым әсер етеді. Синоптиктердің айтуынша, бұл ауа райы апта бойы сақталады.