Кипрде мигранттарға қарсы тәртіпсіздіктер болды
ЛИМАССОЛ. ҚазАқпарат - Кипр полициясы Лимассол жағалауындағы курортта болған мигранттарға қарсы тәртіпсіздіктерден кейін 13 адамды қамауға алды. Бұл Кипрдегі Хлорактан кейін соңғы екі аптадағы екінші жағдай, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.
Иммигранттар (негізінен сириялықтар, сонымен қатар вьетнамдықтар) кипрлік гректерден жалға алған дүкендер тоналып, өртелді.
Беттерін жасырған адамдардың шабуылынан кем дегенде 5 адам зардап шекті, қоқыс жәшіктері мен екі көлік өртенді.
Кипр президенті Никос Христодулидес Лимассолдағы түнгі тәртіпсіздіктерден кейін министрлер кабинетімен шұғыл жиналыс өткізді. Бұл соңғы екі аптадағы «экстремистік қылмыстық элементтерге» қатысты екінші оқиға екені хабарланды.
6 қыркүйек, сәрсенбіде Президент сарайында мигранттарға қарсы акция жоспарланған Лимассолда билік қосымша шаралар қабылдап жатқаны хабарланды. Үкімет жергілікті БАҚ-қа Хлорак пен Лимассолдағы оқиғалар үшін шенеуніктердің, соның ішінде жоғары лауазымды полицейлердің жауапкершілігін қарастырмас бұрын жағдайды жеңілдетуге басымдық беретінін айтты.