Қырғыз-Қытай мемлекеттік шекарасындағы өткізу бекеттері бір күнге жабылады

өткізеу бекеті
Фото: Кабар

АСТАНА. KAZINFORM –Қырғыз-қытай шекарасындағы екі бақылау-өткізу бекеті бір күнге жабылады. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметі хабарлады, деп жазады Кабар агенттігі. 

Қытай тарапының бастамасымен ҚХР-да Еңбек күнін мерекелеуге байланысты мемлекеттік шекараның қырғыз-қытай учаскесінде орналасқан «Торугарт-автодорожный» және «Иркештам-автодорожный» бақылау-өткізу бекеттері 1 мамырда жабылады.

Аталған бекеттер арқылы адамдардың, көліктердің және жүктердің өтуі 2 мамырдан бастап қайта басталады.

Соңғы жаңалықтар