Қырғыз президенті Астанаға келді

АСТАНА. KAZINFORM - Қырғыз президенті Садыр Жапаров Қазақстанға сапармен келді. Бұл туралы ҚР Үкіметі хабарлады.

қырғыз
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Қырғыз мемлекетінің басшысы 28 қараша күні Астанада өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады.

В Астану прибыл президент Кыргызстана Садыр Жапаров
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Онда мемлекет басшылары халықаралық және өңірлік жағдай, оның ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне әсері туралы пікір алмасады, ынтымақтастық нәтижелері мен ұжымдық қауіпсіздік жүйесін одан әрі дамыту перспективаларын талқылайды.

Сонымен қатар, 28 қарашада Астанада Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысы өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Владимир Путинді қарсы алды. Сонымен қатар Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстанға жұмыс сапарымен келгені туралы хабарланды.

Соңғы жаңалықтар