Қырғыз ұлттық банкі валюта нарығынан 34,3 млн доллар сатып алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстанның ұлттық банкі 11 шілдеде кері интервенция жүргізіп, валюта нарығынан 34 млн 300 мың АҚШ долларын сатып алды, деп жазады Кабар агенттігі.

Нацбанк Кыргызстана сохранил учетную ставку на уровне 13%
Фото: nbkr.kg.

Осылайша реттеуші мәміле жасалған күнгі есеп айырысумен 17,5 млн доллар және мәміле жасалған күннен басқа күні тағы 16,8 млн доллар сатып алды.

Бұл — жыл басынан бері шетел валютасын сатып алу бойынша 11-ші интервенция.

Қазіргі уақытта доллардың ресми бағамы төмендеп жатыр және 12 шілдедегі көрсеткіш бойынша — 85,31 сом, ал еуро — 92,54 сом.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР ҰБ 19 маусымда — 62,5 млн доллар, 7 маусымда — 40,7 млн доллар, 4 маусымда — 16 млн 900 мың доллар, 21 мамырда — 31,5 млн доллар, 7 мамырда — 17,7 млн доллар, 26 сәуірде — 24,5 млн доллар, 22 сәуірде — 25 млн 850 мың доллар, 16 сәуірде — 19,2 млн доллар, 8 сәуірде — 17,1 млн доллар, 27 наурызда — 9 млн доллар сатып алған.

Соңғы жаңалықтар