Қырғызстан алма импортына тыйым салды

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстан үкіметі 2027 жылдың 1 ақпанына дейін алма импорттауға уақытша тыйым салды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі.

Қырғызстан алма импортына тыйым салды
Фото: Pexels

Қырғызстанның бау-бақша шаруашылықтарын қолдау, 2026 жылғы алма өнімін уақтылы сатуға жағдай жасау және саланың өндірістік әлеуетін сақтау мақсатында осындай шара қабылданып отыр.

Бұл шектеу үшінші елдерден де, Еуразия экономикалық одағына мүше мемлекеттерден де (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 0808 10 100 0-ден 0808 10 800 8-ге дейін) алма импорттауға қатысты. Ал транзит тасымалы мен Қырғызстанға осы шешімге дейін жөнелтілген алмаларға бұл тыйым қолданылмайды.

Бұған дейін Қырғызстанда картоп  және қант импортына уақытша тыйым салуды ұсынылған болатын