01:01, 20 Желтоқсан 2023 | GMT +5
Қырғызстан аумағында 4 балдық жер сілкінісі болды
19 желтоқсан Алматы уақытымен түнгі 23:24 кезінде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kaziınform.

Бұл мәліметті сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.
Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 492 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында болған.
Зілзаланың энергетикалық санаты — 9.4.
MPV магнитудасы — 4.4.
Тереңдігі — 10 шақырым.
«MSK-64 бағаны бойынша Қазақстан аумағында сезілген жоқ», — делінген кезекші оператордың хабарламасында.