Қырғызстан халықаралық интернет-трафикке уақытша мемлекеттік монополия енгізеді

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды president.kg.

интернет
Фото: Freepik

Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров «Қырғыз Республикасының мемлекеттік компанияларын тиімді басқаруды ұйымдастыру және цифрлық әрі телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.

— 2025 жылғы 15 тамыздан 2026 жылғы 14 тамызға дейін Қырғыз Республикасының аумағында халықаралық интернет-трафикті жеткізу мен ұсынуға уақытша 100 пайыздық мемлекеттік монополияны енгізу бойынша сынақ (апробациялық) режимі енгізілсін, — делінген құжатта.

Бұл сынақ (апробациялық) режимі кезеңінде халықаралық интернет-трафикті жеткізу мен ұсынуға «ЭлКат» ЖШҚ-на эксклюзивті құқық берілді.

Бұған дейін Садыр Жапаров азаматтың өз банк картасын, шотын, электронды әмиянын, мобильді банкингін, SIM-картасын немесе басқа қаржылық деректерін үшінші тұлғаларға беруге немесе сатуға тыйым салатын заңға қол қойған болатын. Бұл IT-технологиялар арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алуға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар