Қырғызстан картоп импортына шектеу енгізбек

БІШКЕК. KAZINFORM — Қырғыз Республикасының Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрлігі ішкі нарықты қорғау мақсатында картоп импортына уақытша шектеулер енгізу мүмкіндігін қарастырып отыр, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

картоп
Фото: pixabay.com

Министрліктің мәліметінше, бұл шара картоп импортының ықтимал артуына байланысты болып отыр, бұл ішкі нарықта бағаның төмендеуіне әкеліп, отандық өндірушілерге зиянын тигізуі мүмкін.

Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту қауымдастығы мен «Қырғыз Республикасы картоп өсірушілер кластерінен» түскен өтініштерге байланысты министрлік жергілікті шаруалардың мүддесін қорғау және картоп нарығындағы бағаны тұрақтандыру шараларын қолға алмақ.

Бұған дейін Қырғызстан елден мұнай мен мұнай өнімдерін ЕАЭО кедендік аумағынан тыс экспорттауға уақытша тыйым салған болатын.

Бұған дейін Қырғызстанда жаңа дауыс беру жүйесі сынақтан өтетінін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар