Қырғызстан Қазақстан азаматтарының елде болуына қатысты жаңа ереже енгізді

БІШКЕК. KAZINFORM – Қырғызстанда Қазақстан Республикасы азаматтары үшін елде болудың жаңартылған ережелер күшіне енді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі. https://www.inform.kz/ru/kirgizstan-vvel-novie-pravila-prebivaniya-dlya-grazhdan-kazahstana-1f3879

Кыргызстан ввел новые правила пребывания для граждан Казахстан
Фото: Canva

ҰҚМК Шекара қызметінің мәліметінше, 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының азаматтары Қырғыз Республикасында алғашқы кірген күнінен бастап әрбір 180 күн сайын жалпы алғанда 90 күнге дейін бола алады. Қазақстандықтар алғашқы 30 күн ішінде тіркеуден босатылады. Аталған мерзімнен кейін тіркеу қажет.

Ел аумағында 90 күннен артық тіркеусіз жүрген жағдайда кейіннен елге кіру 90 күнге шектеледі.

Қырғызстанда заңды болу мерзімін келесі құжаттар арқылы ұзарту керек:

  •  тұрғылықты жері бойынша тіркеу;
  •  тұруға ықтиярхат;
  •  уақытша тұруға рұқсат;
  •  «Қайырылман» мәртебесі;
  •  «Мекен-карт»;
  •  «Резидент-карт»;
  •  Қырғыз Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген басқа да құжаттар.

Еске салатын болсақ, 2024 жылдың 5 қыркүйегінен бастап Қырғызстан Министрлер кабинетінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 437 қаулысына сәйкес, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ азаматтардың елге келуінің жаңа ережелері күшіне енеді

Соңғы жаңалықтар