Қырғызстан Қазақстанға 300 тонна гуманитарлық көмек жіберді

АСТАНА.KAZINFORM — Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан халқына 300 тонна гуманитарлық жүк жіберді.

Kyrgyzstan sends 300 tons of humanitarian aid to Kazakhstan
Photo credit: The Ministry of Emergencies of Kyrgyzstan

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың тапсырмасы бойынша елдің Төтенше жағдайлар министрлігі «Азық-түлік керуені» гуманитарлық жүгін ұйымдастырды. Тұрғындарға күнбағыс майы, қант, күріш, макарон және кондитерлік өнімдер, сондай-ақ жергілікті жерде өндірілген матрацтар, киім-кешек, шатырлар жеткізіледі.

Гуманитарлық жүк тиелген автоколонна 6 сәуір күні таңғы сағат 4-те Қазақстанға аттанды.

Естеріңізге сала кетейік, 4 сәуірде ҚР Министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров Жогорку Кенештің отырысында сөйлеген сөзінде Қырғызстан жақын арада су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан өңірлеріне гуманитарлық көмек жіберуді жоспарлап отырғанын айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум