Қырғызстан Қазақстаннан барған 302 мың жұмыртқаны кіргізбей, кері қайтарып жіберді

жұмыртқа
Фото: Pixabay

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстаннан бара жатқан өнім шекара бекетінен ары өте алмады. Бұл туралы Қырғызстанның су ресурстары, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрлігі хабарлады. 

«Ақ-Тілек» өткізу бекетінде шекаралық ветбақылау инспекторлары тауарларды тексеру барысында Қазақстаннан Қырғыз Республикасының аумағына 302 мың 400 дана тауық жұмыртқасын өткізу кезінде ЕАЭО ветеринариялық-санитариялық ережелерінің бұзылғанын анықтаған.  

«Ақ-Тілек» өткізу бекетінің инспекторлары жүкті тексеру барысында тауық жұмыртқасында таңбалау жоқ екенін, сондай-ақ жүк тасымалдау кезінде ветеринариялық-санитариялық талаптар сақталмағанын анықтады.

«Ақ-тілек» бақылау бекетінің инспекторлары тарапынан тиісті кері қайтару актілері жасалып, жүк сол бекет арқылы Қазақстанға қайтарылды. 

Соңғы жаңалықтар
telegram