Қырғызстан көлік саудасына салынатын салықты алып тастады
АСТАНА.KAZINFORM - Қырғызстанда 2029 жылдың 1 қаңтарына дейін жеңіл автокөліктерді сатуға салық жеңілдіктері енгізілді, деп хабарлайды Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік салық қызметі.
Бұл шаралар халыққа салынатын салық ауыртпалығын азайтуға және автомобиль нарығындағы ашықтықты арттыруға бағытталған.
Қырғызстан Республикасының Салық кодексіне қабылданған түзетулерге сәйкес, келесі салық жеңілдіктері қарастырылған:
* жеке тұлғалардың (жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардан басқа) күнтізбелік жыл ішінде екіден көп көлік сатуы жүйелі қызмет болып саналмайды;
* жеке тұлғалардың жеңіл автокөліктерді сатуы табыс салығына жатпайды;
* көліктерді сатудан түскен табыс корпоративтік табыс салығынан босатылады;
* жеңіл автокөліктерді жеткізу ҚҚС-тан босатылады;
* жеңіл автокөліктерді сату салықтан босатылады.
Сонымен қатар, жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлерден басқа) 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін автокөліктерді сатудан алынған табыс бойынша салықтарды, айыппұлдарды және санкцияларды төлеуден босатылады.
Бұған дейін Қырғызстан құрылыс саласынан тендер жүйесін алып тастауды көздеп отырғанын хабарлаған едік.