Алматы облысының екі ауылына жер сілкінісі сезілді

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 02 қарашада Астана уақытымен 10 сағат 50 мин жер сілкінісі тіркелді.

Алматыда 6 балдан жоғары жер сілкінісінің ықтимал қаупін бағалайтын арнайы ақпараттық жүйе әзірленеді
Фото: pexels.com

«Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 258 км жерде орналасқан. Есептік қарқындылығы (баллмен) 2 балды құраған жер сілкінісі Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол және Кеген ауданы Кеген ауылдарында (таулы аймақтар) сезілген», — делінген хабарламада.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда қандай үйлер жер сілкінісіне төтеп бере алатыны туралы жазған болатынбыз. Алматы 10 балдық жер сілкінісі болуы ықтимал сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан.

Соңғы жаңалықтар