Қырғызстан мен Тәжікстан мемлекет шекарасын шегендеу мәселесін талқылады
Бүгін Қырғыз Республикасы Баткен облысы Баткен қаласында Қырғызстан мен Тәжікстан Республикасы үкіметтік делегация төрағалары Қамшыбек Ташиев пен Саймумин Ятимовтың қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын белгілеу және шегендеу бойынша кездесуі өтті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
ҚР Министрлер кабинеті баспасөз қызметінің дерегі бойынша, кездесу барысында екі мемлекеттің үкіметтік делегация басшылары қырғыз-тәжік шекарасының қалған бөліктерін белгілеу мәселесін талқылауды жалғастырды.
Олар Қырғызстан мен Тәжікстан үкіметтік делегациялары жұмыс топтарына ортақ шекараны бекіту және шегендеу бойынша келіссөзді жүзеге асыруға қатысты нақты тапсырма берді.
Тәжікстан мен Қырғызстанның 970 шақырымға созылатын ортақ шекарасы бар екенін еске сала кетейік. Оған қоса жүздеген шақырым шектесу сызығы әлі анықталып, бекітілмеген. Тараптар кезектесе отырып бір-бірінің аумағында кездесу өткізеді.
Желтоқсанда екі ел делегацияларының басшылары үкіметаралық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша мемлекеттік шекараның 90 пайыздан астамы бойынша келісімге келгенін мәлімдеген болатын.