Қырғызстан радиациялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық келісімге қол қойды

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстан ядролық және радиациялық апаттар кезінде көмек көрсету туралы халықаралық конвенцияға қосылды, деп хабарлайды Кабар.

Қырғызстанда қалалық кенештер сайлауына қатысты сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды
Фото: ҚР Президенті баспасөз қызметі

Президент Садыр Жапаров 1986 жылы 26 қыркүйекте Венада қабылданған «Ядролық апат немесе радиациялық төтенше жағдай кезінде көмек көрсету туралы конвенцияға қосылу туралы» заңға қол қойды.

Бұл заңды 2025 жылдың 26 маусымында Жогорку Кенеш қабылдады.

Заңның мақсаты — конвенцияның күшіне енуі үшін Қырғызстан Республикасының ішкі процедураларын орындау және Қырғызстанның осы конвенцияға қосылуын қамтамасыз ету.

Конвенцияның негізгі мақсаты — ядролық немесе радиациялық апаттар кезінде халықаралық деңгейде үйлестіру мен көмек көрсету. Конвенция мемлекеттер арасында ақпарат алмасу, техникалық көмек және басқа да ынтымақтастық шараларын көздейді. Бұл шаралар осындай апаттардың ықтимал зардаптарын азайтып, адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған.

Қырғызстанның конвенцияға қосылуы радиациялық оқиғаларға жедел жауап беру үшін құқықтық негізді нығайтып, тұрғындарды және экожүйелерді радиацияның әсерінен қорғау механизмдерін жетілдіреді. Радиологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттарды енгізу азаматтардың денсаулығын ұзақ мерзімді қорғау мен қоршаған ортаны қорғауға жағдай жасайды.

Сонымен қатар, конвенция шеңберіндегі халықаралық ынтымақтастық елге алдыңғы қатарлы технологияларға, мамандарды оқытуға және тәжірибе алмасуға жол ашады. Бұл радиациялық қауіпсіздік саласындағы ұлттық құрылымдардың біліктілігін арттырып, төтенше жағдайларға дайындығын жақсартады, тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.

Конвенцияға қосылу елдің халықаралық беделін күшейтіп, радиациялық қауіпсіздік бойынша міндеттемелерін орындауға септігін тигізеді, бұл елдің стратегиялық мүдделеріне сай келеді.

Бұдан бұрын Қырғызстан халықаралық интернет-трафикке уақытша мемлекеттік монополия енгізетіні айтылды.

Соңғы жаңалықтар