Қырғызстан Starlink спутниктік интернет қызметін іске қосады

АСТАНА. KAZINFORM — Жақын арада Қырғызстанда SpaceX компаниясының Starlink спутниктік байланыс қызметі іске қосылады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі тілшісі.

Спутниковый интернет Starlink запустят в Кыргызстане
Фото: Freepik

Ел үкіметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, премьер-министр Әділбек Қасымалиев Вашингтонда SpaceX өкілі Райан Гуднайтпен кездесті. Келіссөз барысында тараптар Қырғыз Республикасында спутниктік интернетті іске қосу бойынша жүйелі жұмыс барысын және пилоттық жобаға барлық қажетті рұқсатты алу процесінің аяқталуын қарастырды.

Қызметтің іске қосылуымен елдегі жету қиын және шалғай елді мекендер тұрақты интернетке қол жеткізе алады. Сонымен қатар, мектептер, медициналық мекемелер және басқа да әлеуметтік нысандар цифрлық қызметтерге қосылады.

Пилоттық жоба ашықтық және тең шарттар қағидаттары бойынша жүзеге асырылады. Спутниктік интернет қызметтерін ұсынатын барлық компания белгіленген талаптарға толық сәйкес келген жағдайда қатысуға құқылы.

Бұған дейін Тәжікстанда жоғары жылдамдықты Starlink интернеті іске қосылғаны хабарланған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар