Қырғызстан Тәжікстанмен шекарасын қоршауға кірісті

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасын ажырату туралы келісімнен кейін даулы аумақта тікенек сым орнату басталды, деп хабарлайды Анадолы

Қырғызстан Тәжікстанмен шекарасын қоршауға кірісті
Фото: Анадолы

Баткен облысының баспасөз қызметінің мәліметінше 13 наурызда Бішкекте Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекараны ажырату жөніндегі келісімге қол қойылғаннан кейін қырғыз тарапы шекараның даулы бөлігінде тікенек сым орнату жұмыстарын бастады.

Ресми мәліметке сәйкес, жұмыстар Ақ-Сай ауылында орналасқан Қожо-Қаары асуында, сондай-ақ Лейлек ауданындағы Катта-Тұз аумағында жүргізіліп жатыр.

Хабарламада атап өтілгендей, жалпы ұзындығы 74 шақырым ор қазылып, 68 шақырым темір құбыр төселген, сондай-ақ 62 шақырымда кабель жүргізілген. Жергілікті халық бұл шараларды оң қабылдады. Елдер арасындағы шекараны белгілеу аясында қоршаулар орнату жұмыстары жалғасады.

Бұған дейін 13 наурызда Бішкекте қол қойылған келісім 1006 шақырымдық шекара бөлігін қамтыған болатын, оның ішінде 486 шақырым даулы аумақ бойынша мәселе шешілген. 

Айта кетелік Қырғызстан еңбек мигранттарын елге қайтармақ

Соңғы жаңалықтар