Қырғызстан Ұлттық банкі есептік мөлшерлемені 13% көлемінде сақтап қалды
Қырғызстанда 28 қарашадан бастап ҚР Ұлттық банкінің есептік мөлшерлемені 13% көлемінде сақтап қалу туралы шешімі күшіне енді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

ҚРҰБ Коммуникация және халықаралық серіктестік басқармасы басшысының орынбасары Ильичбек Султанкулов баспасөз конференциясы кезінде Ұлттық банктің қаржы-несие саясаты инфляцияны төмендетуге әсер еткенін айтты. Жылдық инфляция көрсеткіші біртіндеп төмендеп жатыр. Мәселен, қарашада ол 8% болып, 2023 жылдың басындағы көрсеткіштен 6,7 проценттік пунктке төмен түсті.
Азық-түлік тауарлары арасында инфляция баяулап қалғаны байқалады, оған кей тауарлардың бағасын мемлекеттік реттеу шаралары себеп болған. Ол 2023 жылдың басында 15,8% болса, 2023 жылдың қарашасында 3,9%-ке дейін төмендеді.
Қырғыз Республикасының экономикасы өсіп жатқаны байқалады: 2023 жылдың қаңтар-қазан аралығында ЖІӨ өсімі 4,5% жетті. Бұл – 6,5% құрайтын Кумторды қоспағандағы көрсеткіш. Негізінен оған қызмет көрсету және өңдеу өнеркәсібі саласының белсенділігі көп үлес қосып жатыр. Ішкі тұтынушылар санының артуына тұтынушыларға несие беру көбейгені және шынайы жалақы өскені себеп болған тәрізді.
Іске асырылып жатқан қаржы-несие шаралары елдегі инфляция процесіне сыртқы және ішкі факторлардың жағымсыз әсерін азайтады. Ел экономикасындағы факторларды назарға ала отырып, есептік көрсеткішті 13% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылданды. Ол орташа жедел кезеңде инфляцияны 5-7%-ке жеткізуге септігін тигізеді.
Ұлттық банк сыртқы және отандық экономикалық ахуалды үнемі бақылап отырады. Қандай да қауіп төнген жағдайда қаржылық реттеуші ақша саясатына қосымша түзету енгізуі мүмкін.