Қырғызстан Жогорку Кенеші парламенттің өзін-өзі таратуын мақұлдады

БІШКЕК. KAZINFORM — Қырғызстан Жогорку Кенешінің отырысында парламентті мерзімінен бұрын тарату туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі. 

Қырғызстан Жогорку Кенеші парламентті өзін-өзі таратуын мақұлдады
Фото: Кабар

Қырғыз Республикасы Жогорку Кеңесінің депутаты Улан Примов осы мәселе бойынша ақпарат берді.

— Екі маңызды саяси оқиға — президенттік және парламенттік сайлау арасындағы уақыт айырмашылығы аз, сондықтан елдегі саяси жүйе мен тұрақтылықты нығайту үшін 32 депутаттан тұратын бастамашыл топ парламентті өз еркімен отставкаға жіберуді ұсынып отыр, — деп атап өтті ол.

Ол тағы бір маңызды жайт — сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістерге де тоқталды.

Бұл шешімді тіркелген 89 депутаттың 84-і қолдады.

Тиісті ұсынысты депутаттардың бастамашыл тобы шығарды. 

Еске сала кетсек, қыркүйек айының басында Қырғызстанда Жогорку Кенеш депутаттарының бастамашыл тобы Парламентті тарату үшін қол жинау процедурасын бастады. Оған не себеп болды, салдары қандай болады және елге пайда әкелуі мүмкін бе, бұл туралы Kazinform меншікті тілшісінің материалын оқып, таныса аласыз.

23 қыркүйекте профильді комитет Қырғызстан парламентін өз еркімен тарату туралы ұсынысты мақұлдады

Соңғы жаңалықтар