Қырғызстанда 1 қазаннан бастап зейнетақы мөлшері өседі

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстан Министрлер кабинеті «Мемлекеттік зейнетақы әлеуметтік сақтандыруы туралы» заңға сәйкес тағайындалған зейнетақыларды 2025 жылғы 1 қазаннан бастап индекстеу туралы қаулы қабылдады, деп жазады Кабар.

сом
Фото: Гүльмира Абдрахманова/Kazinform

Құжатқа сәйкес, 2025 жылдың 1 қазанынан бастап зейнетақының сақтандыру бөлігінің мөлшері 50 000 сомнан аспайтын зейнетақылар үшін индекстеу коэффициенті 1,10 болып белгіленді.

Сонымен қатар, «Мемлекеттік зейнетақы әлеуметтік сақтандыруы туралы» заңға сәйкес 2025 жылғы 1 қазаннан кейін тағайындалатын зейнетақының жалпы мөлшері (қосымша төлемдерді ескере отырып) 7 100 (жеті мың бір жүз) сомнан кем болмауы тиіс. Бұл талап аталмыш заңда көзделген кейбір ерекшеліктен басқа жағдайларға қолданылады.

Әлеуметтік қорғау қоры 2025 жылдың 1 қазанынан бастап осы заңға сәйкес 2025 жылғы 1 қазанға дейін тағайындалған зейнетақылардың сақтандыру бөлігін 1,10 коэффициентімен индекстеуді қамтамасыз етуі тиіс.

Сонымен қатар, сақтандыру бөлігі 50 000 сомнан асатын зейнетақылар үшін өсім кемінде 600 сом, ең көбі 5 000 сом болуы қажет.

Қор сондай-ақ зейнетақының сақтандыру бөлігін уақытылы қайта есептеп, жаңартылған мөлшерде төлеуді қамтамасыз етуге міндетті.

Бұдан бұрын Қырғызстанда орташа айлық жалақы 42 мың сомнан асқанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар