Қырғызстанда 2500 га аумақта орман қалпына келтіріледі

АСТАНА. KAZINFORM — Бішкек қаласында «Шөп пен жайылым қауымдастықтарының аймақтық тұрақтылығы — ADAPT» жобасы аясында ормандарды қалпына келтіруге арналған 81 миллион сомнан астам гранттық келісімшарттарға қол қою рәсімі өтті. 

Қырғызстанда 2500 га аумақта орман қалпына келтіріледі
Фото: Кабар

Бұл туралы Кабар Қырғыз Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Шараға Қырғыз Республикасының Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрлігінің орынбасары М. Дүйшеев, Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі жанындағы Орман қызметінің директорының орынбасары Т. Садыров және басқа да мамандар қатысты.

Аталған бастама Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан жүзеге асырылып, орман ресурстарын тұрақты басқаруға, деградацияға ұшыраған аумақтарды қалпына келтіруге және жергілікті қауымдастықтардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған.

Жоба аясында 2500 гектар аумақта орманды қалпына келтіру, жаңа орман алқаптарын құру және табиғи қалпына келтіру процестерін қолдау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуі жоспарланып отыр.

Бұл іс-шаралар Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың ұсынған «Жашыл мұрас» ұлттық бастамасына сәйкес келеді. Бұл науқан аясында елде жасыл аймақтарды кеңейту, ормандарды қалпына келтіру және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша ауқымды шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Қол қойылған келісімдердің орындалуы орман ресурстарын тиімді және тұрақты басқаруға, деградацияланған жерлерді қалпына келтіруге, биоалуантүрлілікті сақтауға және өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға ықпал етеді.

Бұдан бұрын 2026 жылғы 20 наурыздан бастап Қырғыз Республикасының аумағында ауыл шаруашылығы санағы жүргізіле бастағанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар