Қырғызстанда 3 балдық жер сілкінісі болды

жер сілкінісі
Фото: pexels.com

АСТАНА. KAZINFORM – Қырғызстанда 3 балдық жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды Қырғызстанның Кабар агенттігі. 

Қырғызстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының сейсмология институтының мәліметінше, бүгін сағат 15.24-те Қытайда эпицентріндегі күші 4,5 баллға жеткен жер сілкінісі тіркелді.

Қырғыз Республикасының елді мекендерінде жерасты дүмпулері Ыстықкөл облысы, Жеті-Оғыз ауданы, Бедел ауылында сезілді – 3 балл.

Елдің ТЖМ алдын ала мәліметінше, зардап шеккендер мен қирандылар жоқ.

Соңғы жаңалықтар