Қырғызстанда АҚШ-тан қару-жарақ жеткізетін контрабандалық арна анықталды

АСТАНА. KAZINFORM – Қылмыстық топ Қырғызстан арқылы АҚШ-тан Ресейге атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз жеткізіп, сататын халықаралық арна ұйымдастырды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Канал контрабандной поставки оружия из США выявлен в Кыргызстане
Фото: ҚР ҰҚМК

Қырғызстан Республикасы ҰҚМК мәліметінше, 2022 жылдың сәуірінен қазіргі уақытқа дейін Қырғызстан, Ресей және АҚШ азаматтарынан тұратын трансұлттық топ есепке алынбаған «Глок», «CZ», «SIG SAUER» маркалы тапаншалары, «AR-15», 5,56-223 мм калибрлі «SIG SAUER» винтовкалары, «Беннели» шолақ мылтықтары және оларға арналған оқ-дәрілерді тасымалдау және сатудың тұрақты арнасын құрды.

Канал контрабандной поставки оружия из США выявлен в Кыргызстане
Фото: ҚР ҰҚМК

- Қырғызстан азаматы С.М. және АҚШ-тағы басқа тұлғалар өндірушілердің сайттарынан атыс қаруын сатып алып, әртүрлі бейне аппаратураны желеу етіп, Қырғызстанға пошта арқылы жіберіп отырған, ол жақта қолдануға дайын атыс қаруының негізгі бөліктерін құрастырған. Содан кейін олар заңсыз сату үшін Ресейге жіберілді, - делінген хабарламада.

Канал контрабандной поставки оружия из США выявлен в Кыргызстане
Фото: ҚР ҰҚМК

Анықталғандай, аталған мерзімде Қырғызстан аумағы арқылы Ресейге 300-ден астам қару-жарақ тасымалданған, бұл ретте негізгі тапсырыс берушілері қылмыстық әлем өкілдері болды.

- 2025 жылдың 23 қаңтарында АҚШ-тан кезекті партияны алып жатқанда Қырғызстан азаматы С.М. ұсталды. Одан 5,56-223 мм калибрлі винтовканың екі ұңғысы және «Глок-34» тапаншасының ұңғысы тәркіленді, - деп хабарлады арнайы қызмет.

Ұсталған азамат ұсталып, ҚР ҰҚМК уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Канал контрабандной поставки оружия из США выявлен в Кыргызстане
Фото: ҚР ҰҚМК

Осыған дейін Қырғызстанда шетелдіктер заңсыз көші-қон ұйымдастырғаны туралы жаздық.

Канал контрабандной поставки оружия из США выявлен в Кыргызстане
Фото: ҚР ҰҚМК

 

 

Соңғы жаңалықтар