Қырғызстанда шетелдіктер заңсыз көші-қон ұйымдастырған

БІШКЕК. KAZINFORM – Қырғызстанға ақшаға мигранттарды заңсыз әкелуді ұйымдастырған Пәкістан Ислам Республикасының азаматтарынан құралған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Незаконную миграцию организовали иностранцы в Кыргызстане
Фото: Шу облысының ҚІІД

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Пәкістан азаматтары еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қырғыз Республикасының аумағына мигранттарды заңсыз әкелу мақсатында жалған құжаттар жасаумен айналысқан.

Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, мигранттарды заңсыз әкелу (шығару)» бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында Пәкістанның 1991, 1995 және 1984 ж.т. үш азаматы ұсталып, тергеу абақтысына қамалды.

Тергеу анықтағандай, күдіктілер өз отандастарына 2 мың АҚШ долларына жалған виза жасаған, одан кейін мигранттардың жалақыларын өздеріне өндіріп алған.

Сонымен қатар, визаларының мерзімі өтіп кеткен Пәкістанның 12 азаматы мен Непалдың бір азаматы анықталды. Оларға 71500 сом көлемінде айыппұл салынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Осыған дейін Қырғызстанда «Қырғызиндустрияның» бұрынғы басшысы қамауға алынғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар